Поль Манье - «Элфстеденронде Брюгге» жарысының жеңімпазы, Глеб Сырица үздік ондықта
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
15 маусым күні Бельгияда біркүндік шосселік веложарыс - «Элфстеденронде Брюгге» өтті.
Финиш сызығын бірінші болып кескен Soudal Quick-Step командасының француз спортшысы Поль Манье жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Alpecin-Deceuninck сапындағы бельгиялық велошабандоз Йеспер Филипсен иеленсе, үшінші болып Lotto командасының өкілі, италиялық Элиа Вивиани келді.
«Астана» командасы сапынан ең үздік нәтижені Глеб Сырица көрсетті - ол тоғызыншы орын алып, үздік ондықтың қатарынан көрінді.