Петропавлда асық атудан Қазақстан чемпионаты басталды
Петропавлда бес асық пен асық атудың ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа 19 команда қатысуда, деп хабарлайды Kazinform.
Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысынан басқа еліміздің барлық аймақтарынан командалар келді.
Турнирге барлығы 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да бар. Олардың қатарында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 2024 жылы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алған Сәния Әскер, сондай-ақ өткен жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы асық ату шебері Камила Сексембай бар.
Бес асық пен асық атудан Қазақстан чемпионаты 13 маусымға дейін жалғасады.
Асық ату – Қазақстанда дәстүрге айналған көне ойын. Асықтар қой сүйегінен жасалады, ал негізгісі «сақа» ашық түстермен боялған болуы керек.