Нысана көздеуден қазақстандық спортшы ӘКК-ның финалында өнер көрсетті
Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Буэнос-Айресте (Аргентина) нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК-нің баспасөз қызметі.
Аталмыш жарыс аясында Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан финалға жолдама алды.
Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен атудан сәтті өнер көрсетті.
Финалдық бәсекеде Рахимжан сегізінші орынды иеленді. Бірінші орынды қытайлық Ху Кай, екінші орынды ресейлік Антон Аристархов, ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Джейсон Солари жеңіп алды.
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының жетекшілерімен кездесті.