Нысана көздеуден 2025 жылғы маусым басталды
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Кеше, 2-қаңтарда, Шымкентте нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл мергендер үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс.
Алғашқы күні ерлер 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден жүлделерді сарапқа салды.
Алтын медаль – Алматы командасы: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Алексей Клейменов.
Күміс медаль – Шымкент командасы: Никита Шахторин, Ринат Казаченко, Олег Носков.
Қола медаль – Павлодар облысының командасы: Руслан Загитов, Владислав Костенко, Артём Потрянко.
Бүгін осы бағдарламада әйелдер арасында да бәсеке болады.