Нариман Құрбанов Қазақстан құрамасына Дохадағы әлем чемпионатында үшінші медаль әкелді
Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Дохада (Катар) өткен көркем гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Ол 14,566 ұпай жинап, ақтық сайыста сенімді өнер көрсетті. Бұл нәтиже 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегеріне финалда үшінші орын алуға мүмкіндік берді.
14,700 ұпаймен Армения өкілі Гамлет Манукян жеңімпаз атанды. Екінші орын 14,666 ұпай жинаған қытайлық Янмин Хунға бұйырды. Тағы бір қазақстандық Зейнолла Ыдырысов жеңіс тұғырына бір қадам қалғанда тоқтап, 14,200 ұпаймен төртінші болып келді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Дохада өткен әлем чемпионатында үш жүлдеге ие болды. Бұған дейін еркін жаттығулары бойынша Милад Карими чемпион атанса, Алтынхан Темірбек екінші орын алған болатын.
Қазақстанның медаль қоржынына келесі мүмкіндігі 19 сәуірде беріледі. Милад Карими турникте, Алтынхан Темірбек секіру финалында жүлдеге таласады.