Мәнерлеп сыоғанаудан ҚРЧ нәтижелері
![Асылхан Тоқсанбек](https://cdn.sports24.kz/20241031/392c10caf848a22e4730c0ae85208712419089cd1b71362309f73e076bd0594c-80-80.jpg)
![Мәнерлеп сыоғанаудан ҚРЧ нәтижелері](https://cdn.sports24.kz/20241217/77a83f17b2302e56cbaf472df419abcdf2a782decc603832c5c80140b73e01d5-880-495.jpg)
Қарағандыда мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қарағанды, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан 70-ке жуық спортшы қатысты.
Турнир үш негізгі бағытта өтті: ерлер арасындағы жалғыз сырғанау, әйелдер арасындағы жалғыз сырғанау, жұптық би және бес дәрежеде: КМС ұлдар, КМС қыздар, МС ерлер, МС әйелдер, жұптық би.
Әйелдер арасындағы жалғыз сырғанау бойынша чемпион атанған Софья Самоделкина (Астана) тамаша техникасы мен артистизмімен көзге түсті. Екінші орынға Зере Сарбалина (Астана) ие болды, ал қола медальды София Фарафонова (Алматы) жеңіп алды.
Ерлер арасында жеңімпаз атанған Диас Джиренбаев (Астана) керемет өнер көрсетті. Күміс медальді Никита Кривошеев (Алматы) алды, ал қолаға Артур Смагулов (Қызылорда) ие болды.
Жұптық би бәсекесінде жеңімпаздар ретінде Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев (Маңғыстау облысы) танылды. Олар мұздағы синхрондылықтары мен эмоциялылығымен көрермендерді баурады.
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Любовь Ковальчук 6- орынмен елге оралады.
![ФОТО: Getty Images](https://cdn.sports24.kz/20241217/d86ef6b766fae39907559bc4be2662c5a80990cceadff94d85ef5a3c9764c240-640-360.jpg)
Футбол
Бүгін 02:53
![ФОТО: Getty Images](https://cdn.sports24.kz/20241217/049098533cd28f1448c2c4f68aa3fe9376956843ca8b1ea2b1e210a3c2b85097-640-360.jpg)
ММА
Бүгін 02:31