locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Талғат Жайлауовтың КХЛ 3×3 турниріндегі жалақысы белгілі болды

Хоккей
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Талғат Жайлауовтың КХЛ 3×3 турниріндегі жалақысы белгілі болды
ФОТО: Getty Images

"Головой Об Лед" телеграм-арнасы қазақстандық шабуылшы Талғат Жайлауовтың "Барыс" құрамында ҚХЛ 3×3 турниріне қатысуы туралы мәліметтермен бөлісті.

- "Талғат Жайлауов ҚХЛ 3×3 турниріне қатысу үшін символикалық сома алады (отбасымен киноға баруға немесе кофе ішуге жететін ақша)".

Турнирдің ережелері бойынша әрбір құрамда КХЛ-да 200 матчтан көп өткізген ойыншы болуы тиіс. Жайлауов пен Роман Старченко арасындағы таңдауда Талғатқа артықшылық берілді, себебі Старченко жарақатынан кейін емделіп жатыр.

Сонымен қатар, Жайлауов "Номад" командасындағы жаттықтырушылар штабына да қалатын болады, бұл оның 3×3 турниріне қатысуымен қатар жүреді.

Еске сала кетейік, 3×3 турниріне тағы жеті команда қатысады: "Барыс", "Металлург", "Салават Юлаев", "Ак Барс", "Динамо", "Авангард" және "Трактор".

Барыс көшбасшылары жарақаттан айығып, қатарға қосылды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie