locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мини-футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы голға толы ойында АҚШ-ты жеңді

Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Мини-футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы голға толы ойында АҚШ-ты жеңді
Мини-футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы голға толы ойында АҚШ-ты жеңді

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан 6×6 форматы бойынша мини-футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің соңғы матчында АҚШ құрамасымен кездесті.

Бұл ойынның алдында-ақ қос құрама плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған еді. Себебі екі турдан кейін Қазақстан мен АҚШ бір ұпайдан ғана еншілеп, ал Босния және Герцеговина мен Польша құрамалары үш ойында бес ұпай жинаған болатын.

Дегенмен, Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен аяқтап, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлап, қарсыластарын 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Алғашқы таймда Қазақстан құрамасы Әлихан Сайранов (8-минут), Ахат Жолшорин (10-минут) және Айболат Адахманов (16-минут) голдарының арқасында айқын басымдықпен үш гол соғып алға шықты.

Алайда екінші таймда АҚШ құрамасы тамаша камбэк жасап, таразы басын теңестірді. Америкалықтар сапынан Джастин Стинсон (21 және 43-минуттар) мен Хесус Пачеко (45-минут) көзге түсті.

Дегенмен, Қазақстан құрамасының соңғы минуттарындағы шабуылдары ойынның тағдырын шешті: 49-минутта Илья Буртовой мергендік танытса, 50-минутта Дмитрий Двирный есепті түбегейлі бекітті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт ұпай жинап, топта үшінші орынға ие болды. Ал АҚШ бір ұпаймен соңғы орында қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie