locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Милан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бірегей стилін ұсынды

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Милан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бірегей стилін ұсынды
ФОТО: olympic.com

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті итальяндық Миланда өтетін алдағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының визуалды безендірілуі мен пиктограммаларын таныстырды. Дизайн төрт элементтен тұратын ерекше жүйеге негізделген, ол итальяндық эстетика мен олимпиадалық рухты бейнелейді.

“2026 жылғы Миландағы ойындардың бейнесі ерекше визуалды тілге ие, ол жарыс өтетін қалалар мен орындардың тартымдылығын көрсетеді және итальяндық сұлулықтың жаңа концепциясын айқындайды”, – деп атап өтті ұйымдастыру комитетінің басшысы Андреа Варнье. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (МОК) баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, 2026 жылы Миланда (Италия) өтетін қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie