locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мерген Ильфат Абдуллин Азия кубогында плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

Қазақстандық садақшы қытайлық садақшыны 9 ұпайға ұтты
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Мерген Ильфат Абдуллин Азия кубогында плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты
ФОТО: Оlympic.kz

Қазіргі уақытта Сингапурде садақ атудан Азия кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Турнир аясында классикалық садақ атудан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі өтті.

Іріктеу кезеңінде ең жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық Ильфат Абдуллин болды – ол 681 ұпай жинады. Ол екінші орындағы қарсыласынан тоғыз ұпайға озып шықты.

Екінші орынға Тайбэйден барған Тай Ён Лю (672 ұпай) жайғасты. Үшінші орын уақытша үндістандық Вишну Чудхариге бұйырды – 669 ұпай.

Абдуллин алғашқы плей-офф кезеңін өткізіп жіберді. Ал екінші айналымда ол өзінің командаласы Дәулеткелді Жанбырбайды 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Енді Ильфат 1/4 финалға шығу үшін моңғолиялық Дашнам Доржсуренмен кездеседі.

Сонымен қатар, Орал қаласында дәстүрлі садақ атудан чемпионат басталды. Ұлт рухын асқақтатқан мергендік сайысы 18 облыстан 270 спортшының басын қосты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie