Малика Ермекке медаль үшін сәл ғана жетпей қалды: ол финалда бесінші орын алды
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
Малика Ермек Азия ойындарында үздік бестікке енді.
Қазақстандық шорт-трекші Малика Ермек Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында 1000 метр қашықтықта финалға шығып, бесінші орын алды.
Жарыстың алтын және күміс жүлделерін Оңтүстік Корея спортшылары Минджон Чхве мен Гилли Ким иеленді. Қола медаль қытайлық Чутун Чжанға бұйырды.
Ал Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Алина Әжғалиева В финалында екінші келіп, жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы шорт-тректен алғашқы медалін жеңіп алды – аралас эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазір ел қоржынында 4 медаль бар: 3 күміс, 1 қола.