Майк Тениссен «Астана» сапында Париждегі беделді жарыста үздік нәтиже көрсетті
12 қазанда Франция жолдарында «Париж — Тур» біркүндік веложарысы өтті.
Жарыста жеңісті италиялық Маттео Трентин («Tudor Pro» командасы) иеленді.
Екінші орынға француз Кристоф Лапорт («Visma | Lease a Bike»), ал үшінші орынға дат спортшысы Альберт Витен Филипсен («Lidl-Trek») тұрақтады.
«Астана» командасының ішінде ең үздік нәтиже Майк Тениссенге тиесілі болды — ол мәреге 36-шы болып жетті. Иде Схеллинг 64-орынға, Кейс Бол 71-орынға, ал Иван Смирнов 122-орынға табан тіреді.
«Париж — Тур». Шартр — Тур. 211,6 километр
1. Маттео Трентин (Италия, Tudor Pro) — 4:18:50
2. Кристоф Лапорт (Франция, Visma | Lease a Bike)
3. Альберт Витен Филипсен (Дания, Lidl-Trek)
…
36. Майк Тениссен (Нидерланды, «Астана») — +3:02
64. Иде Схеллинг (Нидерланды, «Астана») — +5:06
71. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана») — +7:39
122. Иван Смирнов (РФ, «Астана») — +19:48.