Кристина Овчинникова Грециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы биіктікке секіруде 190 сантиметр нәтижесімен топ жарды
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грецияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биіктікке секіру сайысында Овчинникова 190 сантиметрлік үздік нәтижені көрсетті. Айта кетейік, дәл осы нәтиже Овчинниковаға жақында өткен Азия чемпионатында чемпион болуға мүмкіндік берер еді, бірақ ол кезде құрамға енбеген болатын.
Грециялық Татьяна Гкусин (188 см) екінші орынды иеленді, ал үшінші орынға Кипр спортшысы Стялиана Иоанниду (188 см) көтерілді.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 7–21 қараша аралығында Эр-Риядта өтеді