Күрестен Қазақстан кубогы Астанада өтеді
24–30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді.
Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан мыңға жуық балуан қатысады. Биылғы жарыстың басты ерекшелігі – халықаралық ареналарда ел намысын қорғаған тәжірибелі балуандар да кілемге шығады. Себебі бұл жарыс алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын ұлттық құрамаларды жасақтау мақсатында өтеді.
Алдымен жарысты еркін күрес шеберлері бастайды. Одан кейін әйелдер кілемге шығып, өзара мықтыны анықтайды. Ал соңғы күндері классикалық стильдегі балуандар бақ сынайды.
Бәсекелер Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.