Итальяндық Кристиан Скарони Вуэльтада үшінші орын алды: тағы екі астаналық шабандоз үздік бестікке енді
Испания жолдарында "Вуэльта Мурсия" атты бір күндік веложарыс өтті.
Жарыстың жеңімпазы "Q36.5 Pro Cycling Team" командасының швейцариялық спортшысы Фабио Кристен болды. Екінші орын "Decathlon AG2R La Mondiale" командасынан француз Орельен Паре-Пинтреге бұйырды. Үшінші орын итальяндық "Астананың" спортшысы Кристиан Скарониге бұйырды.
Клемент Шампуссан жарысты төртінші, Лоренцо Фортунато бесінші, Фаусто Маснада 23, Симоне Веласко - 29, Даррен ван Беккум - 58-ші және Мишель Гадзоли 79-шы болып аяқтады.
"Вуэльта Мурсия". Хумилья - Мурсия. 199,6 шақырым
1. Фабио Кристен (Швейцария, *Q36.5 Pro Cycling Team") - 4:50:03
2. Орельен Паре-Пинтре (Франция, "Decathlon AG2R La Mondiale Team")
3. Кристиан Скарони (Италия, Астана)
4. Клемент Шампуссан (Франция, Астана)
5. Лоренцо Фортунато (Италия, Астана)
23. Фаусто Маснада (Италия, Астана) — +0:44
29. Симоне Веласко (Италия, Астана) — +1:22
58. Даррен ван Беккум (Нидерланды, Астана) — +9:48
79. Мишель Гадзоли (Италия, Астана) — +16:13.