locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ISU АҚШ-тағы мәнерлеп сырғанаушылар апатқа ұшыраған әуе оқиғасына байланысты көңіл айтты

Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ISU АҚШ-тағы мәнерлеп сырғанаушылар апатқа ұшыраған әуе оқиғасына байланысты көңіл айтты
ФОТО: Getty Images

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) Вашингтонда (АҚШ) орын алған ұшақ апатына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

"ISU және бүкіл әлемдік спорт қауымдастығы American Airlines рейсінің апатқа ұшырағанына қатты күйзелуде. Ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаушылар, олардың жақындары, бапкерлері мен достары болғанын білу біз үшін ауыр соққы.

Біз осы қайғылы оқиғаға тап болған барлық жандарға шын жүректен көңіл айтамыз. Мәнерлеп сырғанау – бұл жай ғана спорт емес, бұл – үлкен, біртұтас отбасы. Біз осындай қиын сәтте біргеміз. ISU АҚШ мәнерлеп сырғанау қауымдастығымен тығыз байланыста және кез келген көмек көрсетуге дайын",– делінген ISU мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Вашингтон әуе кеңістігінде жолаушылар ұшағы мен әскери ұшақ соқтығысып, кейін екеуі де Рейган әуежайы маңындағы суға құлаған. Бортта 64 адам болған, оның ішінде экипаж мүшелері бар. Бұған дейін жергілікті БАҚ бірнеше адамның аман қалғаны туралы хабарлаған еді, алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған жоқ.

Вашингтонда апатқат ұшыраған ұшақ бортында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары болған

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie