locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әйгілі америкалық балуан Кайл Снайдер Алматыға келмеуі мүмкін

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Әйгілі америкалық балуан Кайл Снайдер Алматыға келмеуі мүмкін
Фото: gettyimages

Ақпан айында Алматыда еркін күрестен PWL 8 турнирі өтетіні белгілі. Айтулы жарысқа америкалық Олимпиада чемпионы – даңқты балуан Кайл Снейдер келіп, қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанмен күресетіні айтылған еді. Алайда, бұл белдесу болмайтын секілді.

Белгілі болғандай, ақпан айының аяғында АҚШ-тың Айова штатытында PLO Wrestling турнирі өтеді. Алматыдағы PWL 8 турнирі де осы уақытқа жоспарланған. Сондықтан америкалық балуандар Қазақстанға келмеуі мүмкін.

PWL 8 аясында әлем үздіктерінің бірі саналатын Азамат Дәулетбеков пен америкалық Аарон Брукстың белдесуі де болатыны хабарланған. Енді Брукстың АҚШ-та отандасы Валенсия Захидпен күресетінін белгілі болды.

Сондай-ақ, Қазақстанға 2024 жылғы әлем чемпионы – жапонның жас жұлдызы Оно Масанасуке келеді деп күтілген. Ол да Plo Wrestling турниріне қатысатын болды. Оно Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Спенсер Лимен күреспекші.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie