Хамитов пара-биатлоннан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Ербол Хамитов спринтте “күміс” жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Александр Шарадкин
Хамитов пара-биатлоннан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық пара-биатлоншы Ербол Хамитов 2024/25 маусымдағы әлем кубогының Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен кезеңінде күміс медальға қол жеткізді.
Спринтерлік жарыста Хамитов 11:50.0 уақыт көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Бірінші орынды жеңіп алған канадалық Дерек Заплотинскиден қазақстандық спортшы шамамен сегіз секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Қытай спортшысы Лю Цзысюй 12:11.1 нәтижесімен жайғасты.
Тағы бір қазақстандық спортшы Сергей Усольцев жарысты жеңімпаздан үш минут және 12 секундтан аса уақыт артта қалып аяқтады.
Айта кетейік, Ербол Хамитов желтоқсан айында Финляндияның Вуокатти қаласында өткен пара-биатлоннан әлем кубогы кезеңінде де спринт жарысында жүлдегер атанған болатын.