locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Геннадий Головкин 2025 жылғы Азия ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Геннадий Головкин 2025 жылғы Азия ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қысқы Азия ойындары-2025 аясында Қытайдың спорт саласындағы басшысы Гао Чжиданмен кездесті.

Головкин жарысты ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

“Мұндай ауқымды жарыстарды өткізу әрқашан оңай емес. Біз 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитетіне қонақжайлылығы мен үйлесімді жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз. Жарыстың алғашқы күндерінен бастап барлық процестердің жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл логистикадан бастап техникалық қамтамасыз ету мен еріктілердің үйлесімді жұмысына дейін айқын байқалады”, – деп келтіреді Головкиннің сөзін Olympic.kz.

IX қысқы Азия ойындары 2025 жылы Харбинде 7-14 ақпан аралығында өтуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 9 медаль жеңіп алды (1 алтын, 5 күміс және 3 қола) және жалпы есепте төртінші орында тұр. Көшбасшы орнында 54 жүлдесі бар Қытай құрамасы келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie