финадағы Acropolis Swim Open 2025: Екінші күннің нәтижелері
3 мамырда Грекияның Афина қаласында 2025 жылғы Acropolis Swim Open жарыстың екінші күні өтті. Бұл сайыс Сингапурде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады.
Екінші жарыс күні қазақстандық жүзушілер тағы бірқатар жақсы нәтижелер көрсетті. Ерлер арасында 100 метрлік баттерфляйда Адильбек Мусин бірінші орынға ие болып, 52.56 секунд нәтижесін көрсетті. Ал Максим Сказобцов 53.61 секунд көрсеткішпен қола медальға ие болды. Сонымен қатар, 50 метрлік брасста Аделаида Пчелинцева күміс медальды 31.87 секунд нәтижесімен жеңіп алды, ал Айбат Мырзамуратов 28.05 секунд нәтижесімен қола медальды иеленді.
Сонымен қатар, жарыс күнінің нәтижелері келесідей болды:
200 метр еркін стиль
Ерлер:
- Черепанов Даниил — 1:52.63
- Диденко Федор — 1:56.15
- Бибулаев Еламан — 1:55.97
- Василенко Егор — 1:55.73
50 метр арқа
Қыздар:
- Игнатова Ксения — 29.55 (4 орын)
- Абубакирова София — 29.80
Ерлер:
- Румынский Александр — 26.67
100 метр баттерфляй
Қыздар:
- Сподаренко Софья — 1:01.37 (6 орын)
- Да Даниела — 1:05.41
- Туребаева Аяжан — 1:03.02
Ерлер:
- Мусин Адильбек — 52.56 (1 орын)
- Сказобцов Максим — 53.61 (3 орын)
- Жумагулов Ришат — 54.21
50 метр брасс
- Пчелинцева Аделаида — 31.87 (2 орын)
- Мырзамуратов Айбат — 28.05 (3 орын)
- Миронов Артур — 28.84
200 метр кешенді жүзу
Қыздар:
- Игнатова Ксения — 2:22.56 (6 орын)
Ерлер:
- Мырзамуратов Айбат — 2:04.31 (5 орын)
- Попов Егор — 2:11.20