Эстерсундегі әйелдер арасындағы биатлоннан Қазақстан құрамасының жеке жарысына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
Эстерсунда 2025-2026 жылғы маусымдағы биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі жалғасуда. Эстафетадан кейін кезек жеке жарыстарға келді, бұл сында да қазақстандық спортшылар өз бақтарын сынайды. Алдымен әйелдер жарысы өтеді, оған кімдер қатысатыны белгілі болды.
Қазақстан құрамасы жеке жарыста үш биатлоншымен сынға түседі. Жарыс Астана уақыты бойынша 19:30-да басталса да, қазақстандық қыздардың стартқа шығуын біраз күту керек болады.
Қазақстан әйелдер құрамасының жеке жарыстағы старт-листі (жақшада – Астана уақыты бойынша старт уақыты)
- 92. Ольга Полторанина (20:16:00)
- 99. Полина Егорова (20:19:30)
- 105. Аиша Ракишева (20:22:30)
Еске салайық, жеке жарыстың қорытындысы бойынша спортшылар масс-старт пен қуу жарысына жолдама алады. Масс-стартқа қатысу үшін алғашқы 25-тікке ену қажет, ал қуу жарысына өту үшін үздік 60 спортшы қатарынан көріну керек.