locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ешкім шыдамады. Қайпанов екі қарсыласын талқандап, жартылай финалға шықты

Нұрқожа Қайпанов Исламиаданың жартылай финалына жолдама алды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ешкім шыдамады. Қайпанов екі қарсыласын талқандап, жартылай финалға шықты
ФОТО: erkinkures

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрқожа Қайпанов Эр-Риядтағы Исламиадада сенімді өнер көрсетіп, 74 келі салмақта жартылай финалға шықты. Біздің балуан екі белдесу өткізіп, екеуін де айқын басымдықпен аяқтады.

Алғашқы белдесуінде Қайпанов өзбек балуаны Жафар Чулибоевты 11:0 есебімен жеребіне қаратса, келесі айналымда Камерун өкілі Монти Жак Седрикті одан да тез тоқтатты. Нұрқожа техникалық басымдықпен - 10:0 жеңіске жетіп, қарсыласына мүлде мүмкіндік берген жоқ.

Енді қазақстандық балуан жартылай финалда кілемге шығып, финалға жолдама мен Ислам ынтымағы ойындарының алтыны үшін күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресінде ел қоржынына медальді Зейнеп Баянова салған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie