locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Есбол СҰЛТАНОВ: \"Тунисте Қазақстанның барын білмейтіндер де көп\"

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Есбол СҰЛТАНОВ: "Тунисте Қазақстанның барын білмейтіндер де көп"
Фото: gettyimages

Таеквондодан 2024 жылдың үздік бапкері атанған қазақстандық Есбол Сұлтанов Тунис құрамасында жұмыс істеген уақытын есіне алды.

Естеріңізде болса, Сұлтанов Париж олимпиадасында Туниске тарихи алтын медаль сыйлаған. Бапкер әріптесіміз Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында ол елге алғаш барғанда сынға ұшырағанын айтты.

"Тунисте таеквондоға деген қызығушылық ерекше. Сондықтан олар бұл спортқа қатты мән береді. Ал Қазақстанды таеквондо әлемінде аса танымал деп айта алмайсың. Тунисте Қазақстанның барын білмейтіндер де көп. Тиісінше қазақ бапкері жұмысқа келгенін естігенде көптеген сын болды. Бірақ сын кәсіби тұрғыда айтылады, яғни жан-жақты сараптама жасалып, түрлі фактілер келтіріледі.

Арада бір ай өткенде Гран-приге барып, Тунис құрамасы екі алтын медаль алды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын алдық. Бұрын бір алтын алмаған ел екі бірдей алтынмен оралды. Бұл бұған дейінгі бапкерлердің жұмысының нәтижесі дедік. Ол рас. Себебі бір айда керемет нәтижеге жету мүмкін емес. Бірақ ниеттендік, сол жолда жұмысымызды жалғастырдық. Үш-төрт айдан соң Париж олимпиадасына лицензиялық турнир өтіп, сол жерде төрт жолдама алдық. Сол уақытта бұған дейін сынағандар шынымен де мойындап, біраз жұмыс істелгенін, балалардың бойында, өнерінде өзгеріс барын алға тартты. Ол жақта сынға федерация президенті кәдімгідей жауап береді. Ашықтық бар", - деді бапкер.

Есбол СҰЛТАНОВ: "Арнайы арыз жаздырып, орнымнан алып тастады"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie