locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Ерасыл Қажыбаев дзюдодан  Grand Slam турнирінде күміс жүлде алды
ФОТО: Kazakhstan Judo Team

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ерасыл Қажибаев Астанада өткен Grand Slam сериясындағы турнирде күміс жүлдегер атанды.

+100 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Қажибаев грузин дзюдошысы Иракли Деметриашвилимен кездессе, алғашқы айналымда 24 жастағы бельгиялық Ив Даомен белдесті. Бұл қарсыласын Қажибаев иппонмен жеңіп, татамиге әдемі әдіспен түсірді. Айта кетейік, бельгиялық спортшы бұған дейін өзбек дзюдошысы Жавохир Муродуллаевты ұтқан болатын.

Алайда финалда қазақстандық балуан жапониялық Хега Отаға есе жіберіп, белдесу мерзімінен бұрын аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Астанада өткен Grand Slam турнирін тоғыз медальмен аяқтады — үш күміс және алты қола.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie