locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкері Астанада өткен Grand Slam турнирі туралы пікір білдірді

Басқа спорт түрлері 12 мам 2025 16:33
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкері Астанада өткен Grand Slam турнирі туралы пікір білдірді
ФОТО: olympic.kz

Астанада дзюдодан өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Кален Қалиұлы Olympic.kz сайтына берген сұқбатында жарыс барысына баға беріп, отандық спортшылардың нәтижесін талдады.

Үш күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы үш күміс және алты қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

«Жалпы алғанда жарыс нәтижелерін қанағаттанарлық деп айтуға болады. Ерлер арасындағы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесін есепке алмағанда, өзге барлық салмақтарда жігіттеріміз жүлдеге іліге алды. Әрине, алтын жүлденің жоқтығы өкінішті. Бірақ соған қарамастан, құраманың даму жолында екені байқалады», – деді Қалиұлы.

Сонымен қатар, бапкер жаңа дайындық жүйесі туралы да пікір білдірді:

«Жаңа эксперименталды дайындық жүйесі енгеніне үш ай ғана болды. Ал бапкер үшін әр спортшымен жеке жұмыс жүргізіп, толық бейімделу үшін кем дегенде 3-4 ай қажет. Қазір - бейімделу мен ізденіс кезеңі. Ақпан айындағы нәтижелермен салыстырғанда, дзюдошыларымыздың күресі айтарлықтай жақсарды. Алда бізді жаңа жеңістер күтіп тұрғанына сенеміз», – деді бапкер.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie