Дмитрий Панарин Азия чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, турнирдің негізгі сеткасына жолдама алды.
25 жастағы спортшы алғашқы кездесуінде Бангладештен келген Абдус Соад Хандокарды 21:18, 21:6 есебімен жеңсе, екінші ойында Мьянмалық Хейн Хтутты 21:12, 21:6 нәтижесімен айқын басымдықпен ұтты.
Енді Панарин 1/16 финалда әлемдік рейтингтің 36-орнында тұрған үндістандық Киран Джорджпен кездеседі. Ал Дмитрийдің өзі қазіргі таңда халықаралық рейтингте 78-сатыда тұр.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан сынға түскен Камила Смағұлова іріктеу кезеңінде екі матчта да жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.