Диас Сейтқалиев U-20 әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
18 жастағы балуан Қазақстанға грек-рим күресінен алғашқы медальді сыйлады
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ҰОК РҚ
Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен грек-рим күресінен әлем чемпионаты аяқталды.
Осы жарыста қазақстандық Диас Сейтқалиев 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.
Финалда 18 жастағы Сейткалиев ресейлік балуан, 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионы Михаил Шкаринмен белдесті. Тартысты өткен кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Бұл жүлде – Болгарияда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды.
Айта кетейік, финалға жолдама алу барысында Сейтқалиев жартылай финалда жапон спортшысы Тайзо Есидоны айқын басымдықпен жеңген еді.
Сондай-ақ Нұрасыл Аманәлі әлемдік додада жүлдеден шет қалды.