locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Ламин Ямал жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыспауы мүмкін

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
ДЕРЕККӨЗ. Ламин Ямал жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыспауы мүмкін
Фото: gettyimages

Ламин Ямалдың "Атлетикоға" қарсы ойынға қатысу-қатыспауы белгісіз, деп хабарлайды Фабрицио Романо

"Барселона" вингері "Лас-Пальмасқа" (0-2) қарсы матчта аяғын жарақаттап алған.

Осыған байланысты бүгінгі командалық жаттығуды өткізіп жіберген. Команда бас бапкері Ханси Флик тәуекелге барғысы келмейді. Сол себепті 17 жастағы шабуылшы алдағы матчқа қатыспауы мүмкін.

Айта кетейік, "Барселона" 26 ақпанға қараған түні, Қазақстан уақыты бойынша сағат 01:30-да Испания кубогының ширек финалы аясында "Атлетикомен" кездеседі.

Испаниялық жас шабуылшы осы маусымда клуб сапында барлық турнирлерде 33 матчқа қатысып 11 гол соғып, 14 голдық пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie