locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпионға - пәтер, триумфаторға - мыңдаған доллар. Қазақстан чемпионатында кімдер марапатталды?

Қайпановқа - пәтер, Сұлтанғалиға - қомақты сыйақы
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Чемпионға - пәтер, триумфаторға - мыңдаған доллар. Қазақстан чемпионатында кімдер марапатталды?
ФОТО: olympic.kz

Алматыда ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылып, алғашқы күннің өзінде ел намысын биікте ұстап жүрген үздік балуандар арнайы марапаттарға ие болды.

Кештің ең басты құрмет иелерінің бірі - Нұрқожа Қайпанов. Федерация 2024 жылғы әлем чемпионын (еркін күрес, 70 кг) Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілтімен марапаттады. Бұл - балуанның ұзақ жылдар бойғы тұрақты еңбегінің, Азия алтындары мен әлемдік жүлделерінің лайықты бағасы. Естеріңізге салсақ, өткен жылы Қайпанов 74 келіде Азия чемпионы атанып, Загребте өткен әлем біріншілігінде қола алған еді.

Айдос Сұлтанғали де назардан тыс қалмады. 2025 жылғы грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы Федерация тарапынан 25 000 доллар көлеміндегі сыйақымен марапатталды.

Айта кетейік, Қайпановтың соңғы жарысы Исламиада да болды. Балуан жартылай финалға дейін жетіп, Иран балуанына жол берген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie