locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бәрін финал шешеді: Тұрлығазының тағдыры ӘЧ-де кімге байланысты?

Әлібек Тұрлығазы алғашқы белдесуде жеңілді, бірақ әлі де жұбаныш белдесулеріне шығу мүмкіндігі бар
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Бәрін финал шешеді: Тұрлығазының тағдыры ӘЧ-де кімге байланысты?
ФОТО: uww.org

Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты жалғасуда.

67 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Әлібек Тұрлығазы қорғады. Алғашқы белдесуінде ол түрік балуаны Абдуллах Кескінмен кездесіп, қарсыласы айқын басымдықпен — 10:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтижеден кейін Тұрлығазы тікелей жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды. Дегенмен, үміт үзілген жоқ: егер Кескін финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесулерінде өнер көрсету құқығына ие болады.

Сондай-ақ Анна Стратан Қазақстанға күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы әйелдер жүлдесін сыйлады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie