Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Будапешттегі күміс медаль – әйелдер дзюдосында Қазақстан үшін тарихи көрсеткіш
Басқа спорт түрлері
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 кг) Будапешттегі әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізіп, IJF рейтингінде 5662 балл жинап, екінші орынға тұрақтады — бұл әйелдер арасындағы дзюдодағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Әйелдер арасында:
- Әбиба Әбужақынова — 2‑орын.
Ерлер тобында:
- Елдос Сметов — 9‑орын;
- Ғұсман Қырғызбаев — 7‑орын;
- Мағжан Шамшадин — 19‑орын;
- Абылайхан Жұбаназар — 14‑орын;
- Нұрлыхан Шархан — 26‑орын;
- Мейірлан Максим — 41‑орын (36 сатыға жоғары көтерілді);
- Ерасыл Қажыбаев — ТОП‑20 қатарына кіріп, 7 саты жоғарылады.
Әбибаның жетістігі еліміздің дзюдо саласындағы мәртебесін арттырып, басқа спортшыларды да жаһандық аренада беделді орындарға талпынуға ынталандырады.
Өскемендік параспортшы Мәдениет және спорт министрлігін сотта жеңіп шықты.