locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшы өнер көрсетуде

Басқа спорт түрлері
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшы өнер көрсетуде
Фото: gettyimages

Спорт министрлігі Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшыны жіберген

Қытайдың Харбин қаласында басталған қысқы Азия ойындарына Қазақстан намысын қорғауға экс-ресейлік алты спортшы кеткен.

Есте болса, былтыр Париж Олимпиадасына да Қазақстан атынан 10-нан астам легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалған болатын. Мұнан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі спорт министрлігін қатаң сынағанымен, Ербол Мырзабосынов басқаратын ведомство бұдан сабақ алмаған секілді.

Sportarena.kz сайтының мәліметінше, Харбинге аттанған легионерлер:

  1. Александра Скороходова, таушаңғысы - Ресей.
  2. Кристина Силаева, конькимен сырғанау – Ресей.
  3. Софья Самоделкина, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
  4. Бойсангур Датиев, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
  5. Эдуард Михайлов, хоккей – Ресей.
  6. Вячеслав Колесников, хоккей – Ресей.

Жалпы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. “Сары құрлық” бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді.

Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie