locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азия ойындары 2025: Қазақстандық керлингшілер маңызды жеңіске қол жеткізді

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Азия ойындары 2025: Қазақстандық керлингшілер маңызды жеңіске қол жеткізді
ФОТО: Instagram

Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинді жеңді.

Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы кёрлингтен кезекті кездесуін өткізді.

Филиппин құрамасымен өткен тартысты ойында қазақстандық спортшылар 5:4 есебімен жеңіске жетті. Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*) өнер көрсетті.

Бұған дейін команда Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол беріп, Тайбэйді сенімді түрде ұтқан болатын. Сондай-ақ, Қытай құрамасының деңгейін мойындады.

Бүгін қазақстандық спортшылар Катарға қарсы ойнайды. Жартылай финалға өтетін құрамалар ертеңгі екі кездесуден кейін анықталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie