Азия чемпионатында Қазақстаннан екі жұп плей-офф кезеңіне өтті
Таиландта жағажай волейболынан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Бейсенбі күні жарыстың топтық кезеңі аяқталып, 1/8 финалға шыққан қатысушылар белгілі болды.
Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне екі жұппен өтті – ерлер мен әйелдер құрамасының бірінші нөмірлі ойыншылары. Турнирді бастап кеткен төрт жұптың екеуі ғана жарысты жалғастырады.
Топтық кезеңнің соңғы ойындарында қазақстандықтар тек екі матчта жеңіске жетті. Даниил Сороковский мен Алихан Агабектің Австралия құрамасының көшбасшыларына қарсы жеңілісі деңгей айырмашылығымен түсіндіріледі. Ал Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова Вьетнам өкілдерінен жеңіліп, жарысты 17-орынмен аяқтады.
Бірінші нөмірлі дуэттер өз міндеттерін орындап, топтарынан екінші орынмен шығып, 1/8 финалға өтті. Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ширек финалға шығу үшін Жаңа Зеландиямен ойнайды. Дәл осы елдің өкілдерімен Надежда Иванченко мен Гаянэ Галаш та кездеседі.
Қазақстан жағажай волейболынан Азия чемпионатында өнер көрсете бастады.