Ақжол Құрманбек екі әлемдік рекорд орнатып, Азия чемпионы атанды
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:50
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек екі әлемдік рекорд орнатып, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Құрманбек қоссайыс нәтижесінде 316 килограмм (серпе көтеруде 141 + жұлқа көтеруде 175) зілтемірді көтеріп, жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекордтарды серпе көтеру мен қоссайыс бойынша жаңартты.
Күміс медальді өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов жеңіп алды, оның нәтижесі — 300 килограмм (136+164). Қола медаль түрікменстандық Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды, ол 298 килограммды (127+171) көтерді.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Катардың Доха қаласында өтіп жатыр және 26 желтоқсанда аяқталады.
Танымал жаңалықтар