locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық спортшылар каратэ бойынша әлемдік рейтингте көш бастады

Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстандық спортшылар каратэ бойынша әлемдік рейтингте көш бастады
ФОТО: Нұрқанат Әжіқанов

Әлемдік каратэ федерациясы (WKF) спортшылардың әр салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.

Ерлер арасында 75 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов екінші орынға көтерілді. Ол Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері және 2023 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Ал 67 кг салмақ дәрежесінде Әмірәлі Дидар төртінші орынды иеленді. Ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

Әйелдер арасында +68 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық София Берульцева рейтингтің көшін бастады. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 және 2023 жылдардағы Азия чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы.

Айта кетейік, биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында каратэ бәсекелері өтпеді. Токио Олимпиадасынан кейін Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спорт түрін Париж Олимпиадасының бағдарламасынан алып тастаған болатын.

Халықаралық дзюдо федерациясы жаңа ережелерді ұсынды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie