ИНСАЙД. Исламбек Қуат мансабын Жетісуда жалғастырады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
Фото: Астана ФК
“Астананың” бұрынғы жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Талдықорғанның “Жетісу” командасына қосылады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Дереккөз мәліметінше, қазақстандық футболшы “Астанамен” келісімшарты аяқталғаннан кейін Талдықорған командасының сапын толықтырады. Қазіргі уақытта “Жетісуды” елордалық клубтың бұрынғы техникалық директоры Самат Смақов жаттықтырады.
Исламбек Қуат “Астанадан” еркін агент мәртебесінде кетті. Ол елордалық клуб сапында екі рет Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубок пен Қазақстан лигасының Кубогын жеңіп алды.