Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы қанша медаль жеңіп алды
Silk Road to Tokyo халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар алтыннан бөлек, күміс пен қола медальдарға иеленді
Басқа спорт түрлері
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО:Getty Images
Ташкентте өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze турнирінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, төрт алтын медаль жеңіп алды.
Өзбекстан астанасында өткен халықаралық жарыста қазақстандық жеңіл атлеттер жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы есебінде бірнеше жүлде иеленді.
Алтын медаль иегерлері қатарында 400 метрге кедергілермен жүгіруден Аделина Земс, найза лақтырудан Артур Гафнер, сондай-ақ әйелдер және аралас эстафета командалары бар.
Күміс жүлдеге Александра Залюбовская (400 метр), Кристина Ермола (100 метрге кедергілер), Алмат Төлебаев (100 метр) және көпсайыстан Ирина Конищева қол жеткізді.
Қола медаль иегерлері – Виктория Ан (200 метр) мен Виталий Земс (100 метр).