Қазақстанның көркем жүзу құрамасы Азия чемпионатын жеңіп алды
Командалық сайыста (техникалық бағдарлама) қазақстандық спортшылар керемет нәтиже көрсетті
Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Журналист
Қазақстанның көркем жүзу құрамасы Азия чемпионатын жеңіп алды
Ахмедабадта (Үндістан) су спорт түрлерінен Азия чемпионаты аясында көркем жүзу жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бесінші қазан күні Қазақстанның ұлттық құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Командалық жарыста (техникалық бағдарлама) біздің спортшылар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Эдуард Ким мен Карина Магрупова аралас дуэттер арасындағы (техникалық бағдарлама) жүлде сараптауында екінші орынға ие болды.
Қола медальді Арина Пушкина мен Ясмин Туякова (дуэттер, техникалық бағдарлама) жеңіп алды.