locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның қыздар құрамасы U-16 Азия чемпионатын Катарды ойсырата жеңумен бастады

Қазақстандық волейболшылар қарсыласына 10 ұпай да жинауға мүмкіндік бермеді
Басқа спорт түрлері
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Asian women`s U-16 volleiball champions Jordan 2025

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар волейбол құрамасы Катардын қыздар құрамасын 3:0 есебімен оңай жеңді. U-16 жас санатындағы қыздар арасындағы AVC Азия чемпионаты Иорданияда өтіп жатыр.

Қазақстандық қыздар қарсыласына тек партия жеңуді ғана емес, тіпті 10 ұпай жинауға да мүмкіндік берген жоқ: 25:8, 25:6, 25:5.

Қазақстан құрамасының тобында Қытай, Оңтүстік Корея және Катар бар.

Келесі кездесулерде Қазақстан Оңтүстік Корея және Қытай командаларымен ойнайды.

Өз кезегінде Қытай қыздары аса тартысты матчта Оңтүстік Кореяны 3:2 есебімен жеңіп шықты.

Партиялар есебі: 11:25, 25:20, 19:25, 25:19, 15:13.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie