locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық Вероника Елисеева Бахрейндегі жасөспірімдер Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық спортшы қыз балға лақтырудан медаль олжалады.
Басқа спорт түрлері
Бағдат Асылбек
Бағдат Асылбек
Репортер
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Вероника Елисеева Манама қаласында (Бахрейн) өткен жасөспірімдер Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді. Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында жүлдегер бұл медальға қалай жеткенін айтып берді.

Елисеева балға лақтыруда үшінші орынға ие болды. Оның үздік нәтижесі — 46.94 метр.

Алғашқы екі орынды қытайлық спортшылар еншіледі.

«Азия ойындарына мен өте жауапкершілікпен дайындалдым. Күн сайын екі мәрте жаттығу болды, кейде өте қиынға соқты, бірақ бар күшімді салдым. Бастапқыда сәл қобалжыдым, бірақ жасаған еңбегімді толық көрсете алдым. Еңбегімнің зая кетпегеніне, медаль алғаныма қатты қуаныштымын», – дейді Вероника Елисеева.

ФОТО: Оlympic.kz

Бұл жарыста ол өзінің жеке рекордын жаңартты, бірақ бұдан да жоғары нәтиже көрсетуге болар еді деп есептейді спортшы.

«Лақтырған кезде медаль аламын ба, жоқ па, нақты білмедім. Жүлдегер болғанымды естігенде алғашында сенбедім. Соншалық қуаныш — қатты бақытты болдым! Барлық жаттығу, еңбек зая кеткен жоқ. Барлығына күлімсіреп, құшақтағым келді. Бұл сәт менің есімде ұзақ сақталады», – деп еске алады спортшы.

Вероника Елисеева жарысқа дайындық кезінде. Фотоны ұсынған – Верониканың өзі

Верониканың бапкері Иоланта Ульева Sports24.kz-ке берген пікірінде спортшыларды жарыстарға дайындау көпжылдық үдеріс екенін, тактика, техника, физикалық және психологиялық дайындықты қамтитынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық диск лақтырушылар жетістіктерге қол жеткізуде, көбінесе қиындықтарға қарамастан нәтиже көрсетіп жүр.

«Өкінішке қарай, бізде мәселелер көп. Лақтыру секторлары жетіспейді — барлары да халықаралық стандарттарға сай емес. Негізгі спорттық құрал-жабдықтар (диск, балға, найза) жетіспейді. Қарағандыда тұрғандықтан, жылына 5 ай қар жатады, бұл дайындыққа кедергі келтіреді әрі қарсыластарымызға артықшылық береді. Дегенмен, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, өз спорт түрімізді дамытып, жанкүйерлерімізді алыс лақтырулар және үздік нәтижелермен қуантқымыз келеді», – деп бөлісті Иоланта Ульева.

Бұған дейін қазақстандық ММА спортшылары Ералы Ордабаев пен Санжар Иманғали жасөспірімдер Азия ойындарында күміс медаль иеленген еді. Тағы бір қазақстандық ММА шебері Нуртілеу Өтеген жарыс қорытындысы бойынша екінші орынға тұрақтады.

Тағы бір қазақстандық спортшы Нодира Ахмедова таэквондодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie