locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық төрешілер IJF Техникалық семинарына қатысуда

Басқа спорт түрлері Кеше 22:54
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Қазақстандық төрешілер IJF Техникалық семинарына қатысуда
ФОТО: Instagram

Түркияның Стамбул қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ұйымдастыруымен 2024-2028 Олимпиада кезеңіне арналған төрешілік ережелер бойынша Техникалық семинар өтіп жатыр.

Шараға 79 елден 326 төреші қатысуда. Қазақстан атынан семинарға Азия дзюдо одағының төрешілер департаментінің директоры Асхат Жіткеев, Қазақстан дзюдо федерациясының төрешілер департаментінің директоры Нұртазин Мұхсин, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі төрешілер Ерлан Тәжіков, Қайрат Төленов, Жандос Қиянов, Денис Амелин, Самат Сапишев және Кенжезару Қашқынова қатысуда.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарыстар жаңартылған ережелер бойынша өтетін болады, бұл ережелер жаңа олимпиадалық кезең аясында қолданысқа енгізіледі. Семинар төрешілерге жаңа ережелерді үйреніп, оларды тәжірибеде қолдануды талқылауға, сондай-ақ кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық төрешілер үшін бұл шара кәсіби даму тұрғысынан маңызды кезең болып табылады.

Сметов "жылдың үздік дзюдошысы" атағына үміткер.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie