Қазақстандық спортшылар трамплиннен шаңғымен секіруден әлем кубогына қатысты
Илья Мизерных пен Данил Васильев Германияда өз күштерін сынады
Басқа спорт түрлері
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: olympic.kz
Германияның Оберстдорф қаласында трамплиннен шаңғымен секіруден әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл беделді жарыстың финалдық кезеңіне Қазақстан ұлттық құрамасының қос жарқын өкілі жолдама алды!
Ең үздік нәтижені Илья Мизерных көрсетті. Қазақстандық спортшы жарысты 24-орынмен аяқтады.
Ал тағы бір отандасымыз Данил Васильев бұл айтулы додада 45-орынға тұрақтады.