Қазақстандық спортшылар Азия жасөспірімдер ойындарында он күнде қанша медаль иеленді?
Бахрейнде 26 түрлі спорт түрінен өтіп жатқан үшінші Азия жасөспірімдер ойындары жалғасуда. Он күн ішінде қазақстандық спортшылар қанша медаль еншілегені белгілі болды.
Ойындардың жабылуына үш күн қалғанда Қазақстан құрамасы төртінші орында тұр. Команда қоржынында 12 алтын, 15 күміс және 23 қола медаль бар. Барлығы – 50 жүлде, бұл жалпы есепте екінші орынға сәйкес келеді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша рейтингті ең алдымен алтын жүлделер саны бойынша анықтайды. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы Таиландтан төмен тұр – оларда 13 алтын, бірақ барлығы 34 медаль ғана.
Ең көп медальды қытайлық спортшылар еншіледі (48 алтын, 35 күміс және 18 қола). Ойындар 31 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова қатарынан екі медаль жеңіп алды.