locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық спортшыға медаль алуға сәл жетпей қалды

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Қазақстандық спортшыға медаль алуға сәл жетпей қалды
ФОТО: Instagram

Харбинде өткен қысқа қашықтыққа конькимен жүгіру жарыстары аяқталды.

500 метрлік қашықтықта Қазақстан спортшысы Евгений Кошкин төртінші орын алды. Ол мәреге 35.152 секундта жетіп, жүлделі орыннан сәл ғана қалып қойды.

Қалған қазақстандық спортшылар да жақсы нәтиже көрсетті. Алтай Жәрдембекұлы 9-орынға (35.25 сек.), Никита Важенин 15-орынға (36.19 сек.), ал төртінші жұпта жарысқан Роман Биназаров 36.62 секунд уақыт көрсетіп, 16-орынға тұрақтады.

Бұл сайыста алтын жүлдені қытайлық Тингю Гао жеңіп алды. Күміс жүлде жапондық Ватару Морошигеге бұйырса, қола жүлдені Оңтүстік Кореядан келген Юнхо Ким иеленді.

Айта кетейік, кеше Евгений Кошкин 100 метрлік қашықтықта күміс медаль алып, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде салған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie