locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық спортшы олимпиада чемпионын жеңіп, фристайлдан әлем кубогындағы алғашқы медалін иеленді

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram

Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко алғаш рет ересектер арасындағы әлем кубогы кезеңінде жүлдеге қол жеткізді.

Канаданың Валь-Сент-Ком қаласында өткен жарыста 19 жастағы спортшы "параллель могул" дисциплинасында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатында үш рет топ жарған, сондай-ақ ересектер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Алайда, бұл – оның әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлдесі.

Жартылай финалда Городко олимпиада чемпионы, франциялық Пьеррин Ляффонтты 20:15 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алайда шешуші сында жарысты аяқтай алмай, алтын медаль америкалық Джаелин Кауфқа бұйырды.

Айта кетейік, 2022 жылы Городко ауыр жол апатына ұшырап, Германия мен Қазақстанда бірнеше ота жасатқан. Соған қарамастан, ол спортқа қайта оралып, жүлде жолындағы күресін жалғастыруда.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын АҚШ-та өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық тағы бір спортшы, Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева қола медаль иеленген болатын.

Коньки. Қазақстандық әйелдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші кезеңінде командалық спринтте жеңіске жетті

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie