Қазақстандық спортшы Каирде каратэден әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық каратэшi Асель Қанай Мысыр астанасында өтіп жатқан жеке дисциплиналар бойынша әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Пьедесталға апарар жолда Асель украиналық Александра Шолохованы 3:2 есебімен жеңіп, 61 кг дейінгі кумитэ санатында әлемнің үш мықты спортшысының қатарына енді.
Асель Қанайдың жарыстағы нәтижелері:
Топтық кезең:
• Қанай — Вафа Махжуб (Тунис) — 1:2
• Қанай — Али Хани (Үндістан) — 8:0
• Қанай — Нина Радженович (Швейцария) — 3:1
Плей-офф:
• 1/8 финал: Қанай — Али Нурсен (Мысыр) — 5:2
• Ширек финал: Қанай — Гонг Ли (Қытай) — 1:1
Асельдің қоласы – Қазақстанның осы чемпионаттағы үшінші медалі болып отыр. Бұған дейін Дидар Әмірәлі ерлер арасында жүлдегер атанса, София Берульцева күміс медальды жеңіп алды.
WKF-каратэ Қазақстанда бұқаралық әрі танымал спорт түрлерінің бірі саналады. 2024 жылы бұл дисциплина ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорт түрлерінің қатарына енгізілді.