Қазақстандық спортшы бадминтоннан 9 млн жүлде қоры бар халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты
1/16 финалда Панарин Үндістандық Арью Бхивпатакиді 2:0 есебімен жеңді
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
17 желтоқсанда Астанадағы Beeline Arena-да Astana International Challenge 2025 халықаралық бадминтон турнирі басталды. Биылғы жарысқа 43 елден спортшылар жиналды.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин 1/8 финалға жолдама алды. 1/16 финалда ол Үндістандық Арью Бхивпатакиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Келесі кездесуін Панарин 19 желтоқсан күні Ирандық Нима Ростампурлагалданиге қарсы өткізеді. Бұл матч ширек финал жолдамасын анықтайды.
Турнир 21 желтоқсанға дейін жалғасады, жалпы жүлде қоры — 17 500 АҚШ доллары.
Қазақстанның фристайл-акробатика құрамасы Финляндиядағы Еуропа кубогы кезеңінде өнер көрсетті.