Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Kaz Weightlifting Federation
Қытайдың Цзяншань қаласында ерлер мен әйелдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасуда.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстандық спортшы Петр Хребтов қола жүлдегер атанды.
Екі жаттығудың қорытындысы бойынша Хребтов 333 келі (жұлқа көтеру — 146 кг, серпе көтеру — 187 кг) нәтижемен үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, серпе көтеру жаттығуында да қола медаль жеңіп алды.
73 келіге дейінгі салмақтағы жарыс нәтижелері:
1-орын — Эрвин Рахмат Абдулла (Индонезия) — 360 кг (155+205)
2-орын — Хайфэн Ву (Қытай) — 334 кг (145+189)
3-орын — Петр Хребтов (Қазақстан) — 333 кг (146+187)
Азия чемпионаты 15 мамырда аяқталады.