locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық шорт-трекшілер Миланда өткен әлем кубогында қола жүлде иеленді

Басқа спорт түрлері
Люба Рябинина
Люба Рябинина
Қазақстандық шорт-трекшілер Миланда өткен әлем кубогында қола жүлде иеленді
ФОТО: Olympic.kz

Қазақстанның ерлер құрамасы Милан (Италия) қаласында өткен шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды.

Команда сапында Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов өнер көрсетті. Қазақстандықтар жарысты 6:46.068 уақыт көрсеткішімен аяқтап, төртінші орын алған Қытай құрамасын (6:55.182) артта қалдырды.

Бұл кезеңнің жеңімпазы Италия құрамасы атанды – олар қашықтықты 6:42.822 уақытта еңсерді. Күміс жүлде 6:42.878 көрсеткішімен Канада командасына бұйырды. Айта кетерлігі, канадалықтар италиялықтардан небәрі 0.056 секундқа қалып қойды.

Еске салайық, 2025 жылғы Азия ойындарында да қазақстандық шорт-трекшілер үздік нәтиже көрсетіп, эстафетада алтын медаль жеңіп алған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie